Конкурстың мақсаты – педагогикалық қызметтің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру және профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби өсуін қолдау. Байқауға ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде бес жылды құрайтын және оқу, әдістемелік, ғылыми жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен штаттық оқытушылар қатысады.
2025 жылғы 3–17 қараша аралығында университет оқытушылары өздерінің конкурс материалдарын Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы ұсынды. Ішкі сараптама қорытындысы бойынша ЕТУ конкурс комиссиясы республикалық кезеңге ұсынылатын екі үміткерді анықтады:
Конкурсанттардың материалдары әрі қарай ұлттық іріктеуге қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданды. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» құрметті атағын, ақшалай сыйақыны және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгісін алатын болады.
META UNIVERSITY екінші турға өткен оқытушыларды құттықтап, алдағы кезеңдерде табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.
Қосымшалар: