Logo
  • Университет туралы
  • Түсім
  • Студенттерге
  • Мектептер
  • Ғылым
  • Контактілер

kz

Arrow

Мансап орталығы

Мансап орталығы туралы

 

Мансап орталығы Еуразиялық технологиялық университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Университет Жарғысына сәйкес жұмыс істейді. Орталықтың қызметі студенттерге кәсіби практикадан өтуге және Университет түлектерін барынша жұмыспен қамтуға көмек көрсетуге бағытталған.

Image

Тапсырмалар

  • Жұмыс берушілермен практика, тағылымдама өткізу, жұмыс берушілердің оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысуы мәселелері бойынша өзара әрекеттесу.
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес беру қызметін ұйымдастыру.
  • Түлектердің табысты жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру тәжірибесін зерттеу және тарату жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

Кеңес алу үшін 107 кабинетке хабарласыңыз.

 

Функциялар

• Жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамту қызметтерімен түлектердің кәсіби практикаларын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру мәселелерінде байланыстар мен әлеуметтік әріптестікті кеңейтуге жәрдемдесу.
• Студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізу үшін әлеуетті жұмыс берушілерді тарту.
• Мамандарды мақсатты даярлау саласында кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнату (кәсіпорындармен шарттар жасасу). Практикадан өту орындары бойынша кәсіпорындармен және басқа ұйымдармен шарттар жасасу жұмысын мектептермен үйлестіру.
• Студенттер мен Қазақстан бизнес-қоғамдастығы арасында әріптестік орнату, жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер өткізу, "ETU" Университетінің түлектері арасында кәсіпкерлікті ынталандыру.
• Жұмыс жәрмеңкелерін, шеберлік сабақтарын, шақырылған қонақ дәрістерін, онлайн вебинарларды ұйымдастыру және өткізу, түлектердің жұмысқа орналасу орындарына келуін талдау және т.б.
• Еңбек нарығы, үрдістер мен тенденциялар, жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу.