22 сәуірде 2024 жылы Еуразия технологиялық университетте Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия және Ирландия жоғары оқу орындарының қатысуымен «internationalisation of Higher Education: INT - KZ Universities Partnership Forum» халықаралық білім беру форумы өтті.
Форумның мақсаты - жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, әртүрлі елдердің университеттері арасында тәжірибе және білім алмасу үшін платформа құру.
Форум қатысушылары:
- Coventry University Group (Ұлыбритания)
- Queen Margaret University (Ұлыбритания)
- Abertay University (Ұлыбритания)
- London South Bank University (Ұлыбритания)
- University of Limerick (Ирландия)
- Niagara College (Канада)
- Saskatchewan Polytechnic (Канада)
- Georgian College of Applied Arts and Technology (Канада)
- Southern New Hampshire University (АҚШ)
- Charles Sturt University (Австралия)
- Really English (Ұлыбритания)
- Cormack Consultancy Group
- Астана қаласындағы Ұлыбритания елшілігі
- ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі
- ҚР Білім министрлігінің Ғылым қоры
- Bolashak Corporate Foundation
Форум аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- Ашылу салтанаты: ҚР жоғары білім және ғылым министрі, Еуразия технологиялық университетінің ректоры, Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ, Украина және Орталық Азия бойынша Cormack Consultancy Group директоры, Ұлыбритания Елшілігінің сөз сөйлеуі.
- «Болашақ Қорының» таныстырылымы
- «Ғылым қорының» таныстырылымы
- Қазақстан Республикасындағы Британ университеттерінің таныстырылымы
- Келуші университеттердің таныстырылымы
- Қазақстандық және Халықаралық университеттер арасындағы жеке кездесулер
- Еуразия технологиялық университетінің кампусын көрсету