Евразийский технологический университетҚымбатты дос! Сені жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Қымбатты дос! Сені жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Алматыдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың өсу қаупіне байланысты қоғамдық денсаулық басқармасының ұсынысы бойынша Еуразия технологиялық университеттің барлық білім алушылары үшін жаңа оқу жылы онлайн режимде 2021 жылғы 6 қыркүйектен ZOOM, Google meet, Microsoft teams платформаларын, қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып және “Платонус”ААЖ-дағы университеттің білім беру порталында орналастырылған электрондық оқу материалдарын пайдалана отырып басталады.

Одан әрі Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға және студенттерді вакцинациялауға байланысты оқытудың аралас (офлайн) форматына 27 қыркүйектен бастап көшу жоспарлануда.

Күзгі семестрде оқыту аралас форматта: дәрістер – онлайн; санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, күндізгі форматта (офлайн) семинар және тәжірибелік сабақтар өтеді.

1 және 3 курс студенттері – бірінші ауысымда  – 08.30 – дан 14.10-ға дейін,

2 және 4 курс студенттері  екінші ауысымда – 14.30-дан 18.10-ға дейін оқиды.

 

Анықтама алу, “Платонус” ААЖ жұмысы мәселелері бойынша электрондық мекен-жайға хабарласу қажет – or@etu.edu.kz

Оқу процесінің қалған мәселелері бойынша келесі электрондық мекенжайға  хат жолдауға қажет – info@etu.edu.kz

Сіздердің назарларыңызды оқу үрдісі еліміздегі және Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға тікелей байланысты екеніне аударамыз.

Университет сізді академиялық үрдістегі барлық өзгерістер туралы хабардар етеді.