ETU Кітапханасы

ETU – Болашақ университеті!

Кітапхана – бұл оқу тәрбие процестері үшін әдебиеттер мен ақпараттар ұсынатын, сонымен қатар рухани білім мен интеллектуалды қарым-қатынасты, мәдениетті тарату орталығы болып саналатын Еуразиялық технологиялық университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Кітапхананың басты мақсаты – университетіміздің қазіргі заман талабына сай мәдениет, білім, зерттеу орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуына ықпал ету.


Кітапхана туралы

Кітапхана – бұл ғылыми-ақпараттық мекеме, білікті мамандарды даярлаудың оқу, оқу әдістемелік және ғылыми үдерістеріне қолдау көрсету базасы болып табылатын университеттің маңызды бөлімдерінің бірі.

Университет кітапханасының құрылымына абонемент, оқу залы, электронды зал кіреді.

Кітапхананың жалпы ауданы 142,5 ш.м., абонемент ауданы 67,5 ш.м., оқу залдарының ауданы 75 ш.м.