НИРС

Нархоз университетінің негізін қалаушы академик, э.ғ. д., профессор Окаев Қаби Оқаевичті еске алуға арналған “жастар ғылымы апталығы” форумы.

Форум Нархоз университетінде өтті және бірқатар іс-шараларды біріктірді. Форумға экономикалық пәндер бойынша білім алатын студенттер қатысты.

2-5 наурыз 2020 ж.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразия технологиялық университеті III орынға ие болды.

Студенттер Назарова Айдана, Каменова Алина және Жанқожаев Ғани “Макроэкономика” пәні бойынша “Шешендік шеберлік”номинациясы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін марапатталды.

“Макроэкономика” пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша ЕТУ студенттері Назарова Айдана, Каменова Алина және Жанқожаев Ғани ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

“Микроэкономика” пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша ЕТУ студенттері Ерланұлы Дінмұхамед, Нұрасылқызы Айнұр және Абат Ақмаржан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ, “Микроэкономика” пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша оқытушы Г.Т. Усембаеваға студенттерге ғылыми жетекшілік еткені үшін алғыс айтылды.

“Мен – қазақстандықпын” республикалық эссе байқауы, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерді жүзеге асыру аясында философия және психология факультеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы Қазақстанның университеттері мен колледждерінің студенттері арасында “Мен Қазақстандықпын” атты әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша республикалық эссе байқауын өткізді.

30.11.2019

1 курс студенті Тұрсын Бекзат аталған іс-шарада ІІ орын алды.

1 курс студенті Жұмабаева Динара грамотаға ие болды.

1 курс студенті Әсетова Мәдина қатысқаны үшін сертификат алды.

Республикалық пәндік олимпиада

Халықаралық білім беру корпорациясы жанындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында 2019 жылғы 14-15 наурызда 8 түрлі пән бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Оған Ералиева м. ж. ғылыми жетекшілігімен ЕТУ студенттері де қатысты.

14-15 наурыз

Студент Масюкова Алина “Графикалық дизайн объектілерін жобалау” мамандығы бойынша ІІІ орын алды”

Студент Тәжібаева Айжан “Сән дизайнының элементтері мен процестері” мамандығы бойынша ІІІ орын алды”