Евразийский технологический университетНовостиТехнологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері, 24 тамыз семинар
27.08.2022
Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері, 24 тамыз семинар

2022 жылдың 24-25 тамызында Назарбаев Университетінде (Нұрсұлтан қаласы) Ғылым және Жоғарғы білім «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты форумы өтті.

Форумға Еуразия технологиялық Университетінің ректоры Е.С. Ибышев пен проректордың міндетін атқарушы В.В. Савельева қатысты.  

Форум аясында 24 тамызда «Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері» атты семинар өтті. Семинарға жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен орынбасарлары, коммерцияландыру кеңселерінің басшылары мен ғалымдар қатысты.

Еуразия Технологиялық Университеті оқытушылары семинарға онлайн қосылды.

Шара барысында технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері талқыланды. Технологияны коммерцияландырудың халықаралық сарапшысы Kеndrick White (АҚШ), технологияны коммерцияландырудың сәтті кейстарымен бөлісті. Сонымен қатар, коммерцияландыру кеңселерінің басшылары жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласында тәжірибе алмасу, коммерцияландыру барысында туындайтын проблемалар және оларды шешу жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті. 
Написать
Добрый день Вас приветствует Евразийский Технологический Университет, чем мы можем вам помочь?