Евразийский технологический университетНовостиҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: “Қазіргі Қазақстан: Білім және ғылым реформалары”
08.10.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: “Қазіргі Қазақстан: Білім және ғылым реформалары”

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ДОКТОРАНТТАР, МАГИСТРАНТТАР, СТУДЕНТТЕР,

ЖАС ҒАЛЫМДАР!

2021 жылдың 14 қазанында

Еуразия технологиялық университеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  “Қазіргі Қазақстан: Білім және ғылым реформалары” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады

Мекен-жайы: Алматы қ., Төле би к-сі, 109б, Досмұхамедов к. қиылысы

Конференция жұмысының бағыттары (секциялар):

– Инновациялар мен инвестициялар Қазақстанның экономикалық дамуының драйвері ретінде;

– Өндіріс пен бизнестегі IT технологиялар;

– Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері: теория және практика мәселелері;

– Қазіргі жағдайда гуманитарлық пәндерді зерттеу және оқыту мәселелері;

– Инженериядағы инновациялық технологиялар.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Нәтижелері бойынша материалдардың электрондық жинағы қалыптастырылады, оны www.etu.edu.kz университет сайтынан PDF-форматта жүктеуге болады. Жинаққа халықаралық ISBN индексі беріледі.

Хабарлама немесе баяндама мәтіні 5 беттен аспау керек, шрифт өлшемі 14 (әдебиеттер тізімі үшін шрифт өлшемі 12), интервалы 1.0, Times New Roman шрифті, беттің ені бойынша туралау, барлық жағынан шеттері 20 мм, MS Word бағдарламасында орындалуы тиіс. Матеиалдар etu_conference_2021@mail.ru электрондық адреске қабылданады. Мақаламен қатысушының тіркелу нысанын қабылдау 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін.

Конференцияға қатысу және мақаланы электронды жинаққа орналастыру құны:

Ұйымдастыру жарнасы – студенттер үшін 1000 теңге, магистранттар, докторанттар, оқытушы-педагогикалық құрылым (ҚР азаматтары) үшін 2000 теңге немесе басқа елдердің азаматтары үшін төлем кезіндегі валюта бағамы бойынша.

Баяндамамен қатысу – төлем ақысыз. Баяндамаларды ұйымдастыру комитеті 01-07 қазан аралығында іріктейтін болады. Баяндамамен қатысушылар электрондық мекен-жайға хатпен хабарланатын болады.

Конференция бағдарламасы секциялар бойынша іріктелген баяндамаларды ескере отырып, 2021 жылғы 07 қазаннан кейін жіберілетін болады.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, 2021 жылғы 30 қыркүйектен кейін алынған немесе талаптарды бұза отырып ресімделген баяндамаларды қабылдамауға құқылы.

Материалдардың ғылыми мазмұны мен жазуы авторлар жауап береді. Конференция тақырыбы мен безендіру талаптарын қанағаттандырмайтын немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.

Баяндама мәтіні мынадай сызба бойынша ресімделеді: құжаттың басында ортасында бас әріптермен Авторлардың және ғылыми жетекшілердің (болған жағдайда) тегі мен аты – жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, қаласы, мемлекеті көрсетіледі, келесі жолда – баяндаманың атауы және одан кейін жолдан бастап – баяндама мәтіні көрсетіледі.

Баяндаманы рәсімдеу үлгісі

А.Колыш Еуразия технологиялық университеті, 3 курс студенті, Алматы қ., ҚР, А. К. ӘЛИЕВА ғылыми жетекші, э.ғ.к., қауымд. ЕТУ профессоры, Алматы қ., ҚР   ТІЗБЕКТІ ӘДІС НЕГІЗІНДЕ МҰНАЙ ӨНДІРУДІ ТАЛДАУ   Мәтін түпнұсқа болып табылады және редакциялауға жатпайды. Баяндама соңында әдебиеттер тізімі келтіріледі. Әдебиетке сілтемелер қажет.   Пайдаланылған дереккөздердің библиографиялық сипаттамасының мысалдары: 1. Жедел ақпарат. ҚР қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар туралы. ҚР ұлттық экономика министрлігі. Шілде, 2017. Онлайн қол жеткізу: http://www.stat.gov.kz 2. Туякова, З.С., Черткова, А. А. Қазіргі әлемдегі экологиялық шығындардың жіктелуі // Орынбор мемлекеттік университетінің хабаршысы, № 8 / 2009, 111-116 беттер. 3 Кабылова, Н.және т. б. Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері): оқулық / 3-ші басылым., өңделген. және қосылған. – Астана:Фолиант, 2011.- 376 б.

Конференция қатысушысының тіркелу нысаны

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)____________________________________________

Оқу немесе жұмыс орны, лауазымы______________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы________________________________________________

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы _____________________________________

Ғылыми жетекшінің Тегі, Аты, Әкесінің аты (толық)____________________________

Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы________________________________________________

Баяндамамен/баяндамасыз қатысу _______________________________________________

Баяндама атауы_______________________________________________________________

Жұмыс бағыты (секция)________________________________________________________

Онлайн/оффлайн қатысу ________________________________________________________

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050012, Алматы қ., Төле би к-сі, 109а, Еуразия технологиялық университеті, Ғылым департаменті, каб. 212, Тел.+7 (707) 716 43 22; +7 (776) 716 43 22 Электрондық пошта: etu_conference_2021@mail.ru Төлем деректемелері: “Еуразия технологиялық университеті” ЖШС БСН 000340007047 КБЕ 17 ЖСК KZ 128 560 000 005 550 311 АҚ “БанкЦентрКредит” БСК KCJBKZKX 050012 Алматы қ., Төле би к-сі, 109, Эл.қабылдау бөлмесінің мекен-жайы: info@etu.edu.kz,  кеңсе 8(727) 2925900, 292 38 59
Написать
Добрый день Вас приветствует Евразийский Технологический Университет, чем мы можем вам помочь?