ETU әскери бөлімі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша әскери кафедрада оқу үшін іріктеу конкурс негізінде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға әскери даярлыққа тартылған жылы 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) — күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер жіберіледі.

Құжаттарды қабылдау

Әскери кафедраның құжаттарды қабылдауы қабылдау жылының 1 наурызынан басталып, 20 мамырында аяқталады, ал медициналық куәландыру нәтижелері қабылдау жылының 31 мамырын қоса алғанда конкурс өткізілетін жылы аяқталады.

Ұсынылатын құжаттар
  • жеке куәлік + көшірмесі;
    тіркеу куәлігі + көшірмесі;
    ЖОО деканатынан түскен жылы, күндізгі оқу нысаны курсы, мамандығы көрсетілген анықтама;
    соттылығының жоқтығы туралы ХҚКО-дан анықтама;
    фото 3х4-2 дана;
    балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжаттардың (бар болса) не қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжаттардың біреуінің түпнұсқасы мен көшірмесі);
    жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар төменде аталған құжаттардың біреуінің түпнұсқасын және көшірмесін қосымша ұсынады:

    қайтыс болу туралы куәлік;
    ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі;
    ата-аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының Денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) әдейі тасталғаны туралы акті.

    Студенттердің медициналық куәландырудан өтуі конкурс өткізілетін жылы 1 наурыз бен 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.

    білім алушыларды іріктеу тәртібі

    Білім алушыларды іріктеу үшін Конкурс үш кезеңде жүзеге асырылады:

    I кезең-ҚР ҚМ бұйрығына сәйкес медициналық куәландырудан өту;
    II кезең-кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
    III кезең-ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес анықталған нормативтер бойынша дене дайындығын тексеру.

    * Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.

Медициналық комиссиядан өту үшін қажетті құжаттар
  1. Кожвендиспансер-Манас к-сі, М. Өзтүрік көшесінің қиылысы, балалар ауруханасына қарама-қарсы;
  2. Наркологиялық диспансер-Мақатаев к-сі, 10 (Жасыл базардың артында, Горький саябағына жақын);
  3. Психдиспансер-Каблуков к-сі, 117;
  4. Тубдиспансер-тіркелген жері бойынша (Луганский көшесі, Қазақстан қонақ үйінің артында);
  5. Флюорография-аудандық емханада немесе студенттік емханада (жыл бойы жарамды);
  6. Амбулаториялық картадан үзінді көшірме (студенттік емханадан немесе тұрғылықты жері бойынша));
  7. Талдаулар (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, микрореакция, ЭКГ) – бұл талдаулар 10 күн бойы жарамды;
  8. Деканның қолы қойылған мінездеме;
  9. Тіркеу куәлігі (түпнұсқа).
Өтеусіз негізде оқыту

Әскери кафедраға өтеусіз негізде оқу үшін рейтингте бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейінгі студенттер тартылады.

Әскери кафедраларда оқу үшін ЖОО басшысы ҚР БҒМ келісімі бойынша және ақылы негізде оқыту үшін қабылдау жоспарына сәйкес меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар, бірақ әскери кафедралары жоқ басқа жоғары оқу орындарының студенттерін тарта алады.

Әскери даярлық әскери бөлімдегі оқу-жаттығу жиындарымен аяқталады. Жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом ұсынылғаннан кейін “запастағы лейтенант” әскери атағы беріледі.

Енді құжаттарды онлайн беруге болады!
Түймені басып, форманы толтырыңыз, сіз студентсіз, құттықтаймыз
Әскери кафедраға түсу
Пример