Евразийский технологический университетЕңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс мәні

Жергілікті бюджет қаражатынан 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

 

Конкурс ұйымдастырушысы

«Алматы  облысының білім басқармасы» ММ

Пошталық мекенжайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 504-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7282) 600-447, 600-448

 

Конкурс туралы ақпарат

Конкурс Алматы  облысы әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере  отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға конкурс өткізуді жариялау туралы» №88-р о/д өкімі негізінді өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

  1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша*)
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша*)
  3. 2021-2022 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7-қосымша*).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 28 мамырдағы №231 енгізілген өзгерістермен)

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес s.samanova@zhetysu.gov.kz, saida.ssk@mail.ru, almobldo@mail.ru электронды мекенжайларға жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 040000, Алматы облысы, Талдықоған қаласы, Қабанбай батыр, 26, 504-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2021 жылғы 26 – 30 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен).

 

  1. Жалпы конкурс
Білім беру бағдарламалары тобы Саны
1 В009 Математика мұғалімдерін даярлау 5
2 В010 Физика мұғалімдерін даярлау 5
3 В012 Химия мұғалімдерін даярлау 5
4 В013 Биология мұғалімдерін даярлау 5
5 В014 География мұғалімдерін даярлау 5
6 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 8
7 В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау 5
8 В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау 3
9 В033  Дінтану және теология 10
10 В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар 5
11 В057 Ақпараттық технологиялар 2
12 В060 Химиялық инженерия  және процестер 2
13 В062 Электр техникасы және энергетика 3
14 В063 Электр техникасы және автоматтандыру 5
15 В064 Механика және металл өңдеу 2
16 В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 5
17 В073 Сәулет 3
18 В083 Ветеринария 5
19 В086 Жалпы медицина 15
20 В094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 2
  БАРЛЫҒЫ: 100

 

  1. Жергілікті бюджет есебінен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары арасындағы конкурс
Білім беру бағдарламалары тобы Саны
1 В001 Педагогика және психология 5
2 В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 7
3 В005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау 10
4 В009 Математика мұғалімдерін даярлау 8
5 В010 Физика мұғалімдерін даярлау 2
6 В012 Химия мұғалімдерін даярлау 7
7 В013 Биология мұғалімдерін даярлау 5
8 В014 География мұғалімдерін даярлау 5
9 В015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау 5
10 В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 12
11 В018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау 4
12 В020 Арнайы педагогика мамандарын даярлау 5
13 В021 Орындаушылық өнер 1
14 В027 Театр өнері 1
15 В042 Журналистика және репортер ісі 4
16 В049 Құқық 2
17 В051 Қоршаған орта 2
18 В057 Ақпараттық технологиялар 15
19 В060 Химиялық инженерия  және процестер 2
20 В063 Электр техникасы және автоматтандыру 2
21 В064 Механика және металл өңдеу 2
22 В068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі 2
23 В077 Растениеводство 24
24 В079 Орман шаруашылығы 2
25 В083 Ветеринария 4
26 В086 Жалпы медицина 5
27 В091 Туризм 5
28 В094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар 2
БАРЛЫҒЫ: 150