+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Кәсіби тәжірибе

ЕТУ-дағы кәсіби тәжірибе оқу барысында алынған теориялық білімдерді бекітуге, тәжірибелік машықтар мен құзыреттіліктер алуға, сондай-ақ озық тәжірибені игеруге бағытталған.

Оқу барысында білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес әртүрлі кәсіби тәжірибеден өтеді:

- оқу;

- педагогикалық;

- өндірістік;

- дипломалды.

Студенттердің кәсіби тәжірибесі оқу жоспарына сәйкес мамандықтың академиялық күнтізбесімен анықталатын мерзімде жүзеге асырылады. Өндірістік тәжірибелердің ұзақтығы мен саны сәйкес саланың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен анықталады.

Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру мен оған жетекшілік ету үшін жауапкершілік бітіртуші кафедраға жүктеледі.

Тәжірибе жетекшілері ретінде мамандықтың қыр-сырын және тәжірибе базаларының жұмысын жақсы білетін профессорлар, доценттер, PhD докторлары, магистрлер, тәжірибелі оқытушылар белгіленеді.

Білім алушылардың тәжірибесін дайындауды бітіртуші кафедра келесі ретпен жүзеге асырады:

 - кәсіпорындармен шарттар жасасу. Тәжірибе базаларымен шарттар үлгілік шарт нысанына сәйкес рәсімделуі керек;

- тәжірибе бағдарламаларымен, жеке тапсырмалармен, әдістемелік нұсқаулармен және т.б. қамтамасыз ету жағынан дайындықты тексеру;

- тәжірибе жетекшілерін тағайындау;

- білім алушылардың аты-жөнін, тәжірибеден өту орны мен мерзімін, тәжірибе жетекшісін көрсете отырып, бұйрық шығару.

Тәжірибе жетекшісі тәжірибе басталғанша білім алушыларды тәжірибеге дайындайды, тәжірибе бағдарламасына сәйкес консультация жүргізеді, білім алушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстырады, оларды қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық журналында тіркейді, тәжірибенің өту барысына бақылау жасайды, тәжірибе бойынша білім алушылардың есептерін тексереді, кафедраға тәжірибенің өткені туралы жазбаша есеп ұсынады, тәжірибе бойынша есептердің қорғауын қабылдауды ұйымдастырады.

 Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттер бітіртуші кафедраға есеп береді. Ол тәжірибе жетекшісі тарапынан тексеріледі және кафедра меңгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік, әріптік жүйесі бойынша бөлек бағаланады. Тәжірибенің жалпы қорытындысы ЕТУ-дың білім беру бағдарламалары департаментінде және Ғылыми кеңесінде әдетте тәжірибе базалары жетекшілерінің қатысуымен жасалады.

Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және одан өткізу үшін бітіртуші кафедра жұмыс оқу жоспарына сәйкес әрбір мамандық үшін кәсіби тәжірибе бойынша екіжақты бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар әзірлейді. Кәсіби тәжірибе бойынша екіжақты бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында талқыланады, университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданады және АМ жөніндегі проректор тарапынан бекітіледі.

Тәжірибенің барлық түрінен өту үшін ЕТУ білім алушылары «Қазақ ауылшаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС кафедраларының филиалдарына, «Машсвар» ЖШС, «Казлегпром – Алматы» ЖШС жіберіледі. Онда заманауи жабдықтар қолданыла отырып, сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ тәжірибе базалары: «Ядролық физика институты» ЕМК, «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы», «ULKO» ғылыми-консалтингтік компаниясы, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ, «Импала» ЖШС, «Ертранс» ЖШС, Алматы қ. және Алматы облысының мектеп-гимназиялары, колледждер, «EXPOBEST» қауымдастығы, Заң ғылымын және білімін дамыту орталығы, Алматы қ. және Алматы облысының АІІБ және ІІД, «Магнум Cash Carry» ЖШС,  «Orient Express», «Asia Access International» ЖШС, «Халық банкі», «Kaspi bank», сақтандыру компаниялары.

Консорциум аясында 2013-2014 оқу жылы «Көлік және машина жасау» кафедрасының 3 курс студенттері "Агромашхолдинг", "Сарыарқа Автопром" өндірістік кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтті. Студенттеріміздің университетте алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуінің нәтижесі – ЖОО студенттері қабілет-қарымдарының шетелдік әріптестер тарапынан мойындалуы болды. Сондай-ақ 2014-2015 оқу жылында AllurGroup автомобильдік компаниялар тобы өндірісте 400 студентті оқытуды жоспарлап отыр. Олардың арасында біздің ЖОО-дның  5В071200 -"Машина жасау", 5В090100 - "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану", 5В071300 - "Көлік, көліктік техника және технологиялар", 5В071800 - "Электр энергетикасы" мамандықтарының студенттері бар.

ЖОО-ға шақырылатын тұлғаларға дәріс оқытудың арқасында студенттерде компанияның Қазақстан нарығындағы қызметі туралы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, түлектердің өндіріске жұмысқа орналасуы туралы тікелей тәжірибе базаларының басшыларына сұрақ қою мүмкіндігі туды. Мысалы, 2015 жылдың наурызында студенттер "Тойота Мотор Казахстан" президенті Эцуо Хашино мырзамен, "AllurGroup" автомобильдер компаниясы тобының президенті Лаврентьев Андрей Сергеевичпен, "Toyota Тshusho Corporation" өкілдігінің басшысы Такуя Ичихаши мырзамен кездесті.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11