+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Магистратура

Магистратура ғылыми шығармашылық әдіснамасын, заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген және зерттеушілік, консультациялық, талдаушылық және педагогикалық қызметке дайын мамандар даярлайтын кәсіби мамандануы терең жоғары білім беру жүйесінің екінші деңгейіне саяды. Еуразия технологиялық университетінде магистратурада оқу таңдалған оқу бағдарламасы бойынша тәжірибелік курстар мен пәндердің көпшілігін қамтиды. Бағдарлама аяқталысымен магистранттарға сәйкес бағыт бойынша «магистр» біліктілігі (академиялық дәрежесі) беріледі. Еуразия технологиялық университетінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау магистратурада жүзеге асырылады. Магистратурада оқу екі бағыт: бейіндік (1 жыл, 1,5 жыл) және ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағыт негізінде 12 мамандық бойынша жүреді.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11