+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Білім беру бағдарламалары департаменті

Білім беру бағдарламалары департаменті – рухани бай, жан-жақты дамыған және құзыретті жоғары санатты мамандар тәрбиелейтін Еуразия технологиялық университетінің құрылымдық бөлімшесі.

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • Кафедралардың оқу, тәрбиелік және кураторлық жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
  • Түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестаттауы нәтижелері негізінде кафедралардың түлектерді даярлау сапасын талдау;
  • Студенттердің мәдени-бұқаралық жұмысын ұйымдастыру.
  • Сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және талдау.

Департаменттің негізгі қызметтері:

  • Студенттермен оқу, кураторлық және тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
  • Студенттік топтарға эдвайзерлерді белгілеу.
  • Студенттердің үлгерімін, сабаққа қатысуын тіркеуді ұйымдастыру және олардың нәтижесін талдау.
  • Оқу үдерісі кестесінің, сабақ кестесінің, емтихандар мен аралық бақылаулардың орындалу сапасы мен барысын қадағалау.
  • Студенттерді емтихан сессиясы мен қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу.
  • Студенттердің кәсіби тәжірибесіне жалпы жетекшілік ету және бақылау.
  • Мектептерге, лицейлерге, колледждерге, кәсіпорындар мен мекемелерге мамандық таңдау жұмыстарын ұйымдастыру, ЕТУ түлектерімен байланыста болуды ұйымдастыру.
  • Университетте және студенттік жатақханада студенттік өзін өзі басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру.
  • Студенттерді оқудағы жетістіктері және белсенділігі үшін моральдық және (немесе) материалдық көтермелеудің түрлі нысандарына ұсыну, университет басшылығына студенттерге жаза қолдану туралы ұсыныс беру.
  • Сапа менеджменті жүйесін енгізу және жұмыс істету бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Департаменттің құрылымы:

  1. Әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты жөніндегі басқарма

  2. Жастар істері жөніндегі комитет

  3. Көркем өнерпаздар секторы

  4. «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымы пәндері» кафедрасы

  5. "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы

  6. "Құқық" кафедрасы

  7. "Кәсіби білім беру және дизайн" кафедрасы

  8. "Көлік және машина жасау" кафедрасы

  9. "Экономика және бизнес" кафедрасы

  10. "Электр энергетикасы және техносфералық қауіпсіздік" кафедрасы

Директор Сейітбекова Венера Лесбекқызы, техника ғылымдарының кандидаты

Тел. +7 (727) 292-59-00 іш.108

v.seitbekova@etu.edu.kz

 

Директордың орынбасары Алданазаров Калдар Төлегенұлы

Тел. +7 (727) 292-59-00 іш.108

abdiboss@gmail.com

 

Әдіскер

Тел. +7 (727) 292-59-00 іш.108

estaeva.a@ etu.edu.kz

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11