+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Қашықтықтан оқыту

  • дене мүмкіндіктері шектеулі болса;
  • ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша ел аумағынан шықса;
  • техникалық және кәсіптік білім (колледжден кейін) негізінде күндізгі бөлімде оқыса;
  • жоғары білім негізінде (екінші жоғары білім) күндізгі бөлімде оқыса.

Қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылатын оқуға қай кезде ауысуға болады?

Демалыстар кезінде, оқу семестрі басталмас бұрын.

Қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылатын оқуға ауысу үшін қандай құжаттар керек?

Сізге қашықтықтан оқуға ауысу мүмкіндігін университеттің тіркеуші кеңсесінен нақтылау қажет.

Тіркеуші кеңсесінде белгіленген үлгі бойынша қашықтықтан оқытуға ауысу туралы Ректордың атына өтініш.

Қашықтықтан оқуға ауысуға дәлелді негіздеме (мұндай қажеттілік неліктен туындады).

Жұмыс орнынан анықтама.

Мүгедектер үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымы.

Қашықтықтан оқуға ауысу мәселесі оңтайлы шешілген жағдайда студенттерге өздерінің Жеке оқу жоспарларын, білім алушының оқу кестесін жасау керек.

Қашықтықтан оқыту техникалық тұрғыдан қалай жүзеге асады, технологиялар қалай қолданылады?

ЕТУ-дың қашықтықтан оқыту жүйесі ғаламтордың көмегімен оқу ресурстарына қол жеткізу арқылы желілік технология бойынша жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту Platonus негізіндегі ЖОО АЖ платформасында жүргізіледі.

Сонымен қатар қашықтықтан оқыту студенттерге дистрибутив CD тасығыштармен ұсынылатын кейстік технология бойынша жүргізіле алады.

Қашықтықтан оқытуға ауысқан барлық студенттерге білім беру порталына кіру үшін жеке логин мен кілтсөз алу керек.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі:

  • оқу оқытушымен жүздеспестен, қашықтықтан жүреді;
  • студент оқу материалдарын алады да (желілік технология жағдайында білім беру порталынан немесе кейстік технология жағдайында CD тасығышпен), оқу үдерісінің бекітілген кестесіне сәйкес академиялық кезең бойы оны игереді.
  • бір академиялық кезең (семестр) ішінде студенттің жеке оқу жоспарында тіркелген барлық пәндер игеріледі;
  • сұрақ туындаған жағдайда студент оқытушымен телефон, ғаламтор арқылы он-лайн немесе оф-лайн режимде байланысып, кеңес ала алады;
  • пәнді игеру аяқталған кезде аралық аттестаттау кезеңінде білімге аралық және қорытынды бақылау жасалады;
  • білімді бақылау қашықтықтан немесе университетте тестілеу немесе жазбаша және ауызша емтихандар түрінде жүргізіле алады;
  • пән бойынша қорытынды бақылауға (емтиханға) кіру үшін аралық бақылаудан кем дегенде 50 % жинау керек, әйтпесе студент емтиханға жіберілмейді және пәнді жазғы семестрде қайталап оқиды;
  • студент білім беру бағдарламасын толық көлемде (кем дегенде 129 кредит) игерген жағдайда, ол қорытынды аттестаттауға жіберіледі;
  • қорытынды аттестаттау университетте МАК-тың белгілеген үлгілері бойынша жүреді.

Біздің байланыс мәліметтеріміз:

Батхолдин Бауыржан Қалтайұлы Қашықтықтан оқытуды ақпараттық-техникалық қамсыздандыру batkholdin@gmail.com 292 59 00 ішкі 105
Жақсыбаев Арнұр Жақыпбекұлы, Қашықтықтан оқыту оқу үдерісін басқару arni_red@mail.ru 292 59 00 ішкі 105

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11