+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Бакалавриат

Жоғары білімнің «бакалавр» академиялық дәрежесі берілетін кәсіби оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған адамдар біліктілік талаптары жоғары білімнің болуын талап ететін қызметтерді атқара алады. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламарының мазмұны жалпы білім беру пәндері циклын, базалық пәндер циклын, бейіндік пәндер циклын игеруді, сондай-ақ сәйкес мамандықтар бойынша кәсіби тәжірибеден өтуді қарастырады. Әрбір циклдағы білім алушының таңдауы бойынша іріктелетін пәндер міндетті компонент пәндерін мазмұндық тұрғыдан толықтыруы тиіс. Университеттер конкурстық негізде жаңа сапалы жетілдірілген технологияларды, оқыту әдістері мен нысандарын қамтитын инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және енгізуге құқылы. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын игеру мерзімі жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен анықталады және кем дегенде 4 жылды құрайды.

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11