+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Студенттерге

ЕТУ жастар істері жөніндегі комитет

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:

  • Университет студенттерінің жан-жақты дамуына тиісінше жағдай жасау, олардың рухани, адамгершілік, зияткерлік әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін көтеру;
  • Студенттерді отансүйгіштікке, демократиялық мәдениетке және азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу;
  • Тәуелсіз Қазақстан идеясы аясында белсенді жастарды жұмылдыру;
  • Студенттердің бойына отансүйгіштікті, демократиялық мәдениет пен азаматтық ұстанымды сіңіру;
  • Белсенді жастарды Тәуелсіз Қазақстан идеясы айналасында шоғырландыру;

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

  • Университеттегі жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын: олимпиадаларды, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру;
  • Бағыттар бойынша сынақтар, байқаулар, фестивальдер ұйымдастыру;
  • Жастардың бос уақыттарын игеру;
  • Қаланың өзге жастар ұйымдарымен байланыс жасау.

«НұрОтан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бір бөлігі ЕТУ, Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқарма, Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры сияқты басқа жастар ұйымдарымен түрлі науқандарға, іс-шараларға қатысу.

Студент жастарға қатысты мәселелерді қарау үшін отырыстар өткізу.

GPA НӘТИЖЕЛЕРІН ЕСЕПТЕУ

x
Пәннің атауы
Кредиттер саны
Баға
 
Барлығы
 
СТСТУДЕНТТІК ӨМІР

ЖАТАҚХАНАДА ТҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жатақханадан жай беру және оған жайғасу тәртібі.

1.1. Жатақханаға Білім беру бағдарламалары департаменті директорының орынбасары тұруға жасалған келісімшарт, университеттің Білім беру бағдарламалары департаменті берген ордер негізінде тұрғызады.

1.2. Жатақханаға жайғасқанда білім алушылар осы Ережелермен, электр құралдарын және газ жабдықтарын пайдалану ережелерімен танысады.

3. Жатақханада тұратындардың құқықтары.

Жатақханада тұратындар:

3.1. осы Ережелерді және жатақхана тұру шартын орындаған жағдайда өзіне белгіленген бөлмеде тұруға;

3.2. өз бетімен айналысуға арналған жайларды, жатақхана жабдықтарын, құралдарын пайдалануға;

3.3. жатақхананың студенттік кеңесін құруға қатысуға және оның құрамына сайлануға;

3.4. қауіпсіздік техникасы ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтай отырып, тұрмыстық техника пайдалануға құқылы.

5. Жатақхана әкуімшілігінің құқықтары.

Жатақхана әкімшілігі:

Жатақхананың студенттік кеңесімен бірлесіп, университет ректорының қарауына қоғамдық тәртіп бұзушыларға тәртіптік жазалар қолдану туралы мәселені беруге; жатақханада тұратындарды бір бөлмеден екіншісіне көшіру туралы шешім қабылдауға құқылы.

7. Университет әкімшілігінің міндеттері.

Әкімшілік:

Жатақханада тұрушымен университеттің жатақханасында тұруға шарт жасауға; жатақхананы жиһазбен, жабдықтармен, төсек жабдықтарымен және жатақхананы жабдықтау нормаларына сәйкес басқа да құралдармен қамтамасыз етуге; жатақханаға, құралға, жабдықтарға уақытылы күрделі және ағымдық жөндеу жүргізуге; жатақханада тұрушыларды қажетті коммуналдық және басқа да қызметтермен, өз бетімен айналысуға, мудени-бұқаралық іс-шараларға қажетті жайлармен қамтамасыз етуге; санитарлық талаптар мен еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес жатақхананың барлық жайларында қажетті жылу тәртібін және жарық деңгейін қамтамасыз етуге; жатақхана аумағында күзетті қамтамасыз етуге міндетті.

9. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік.

9.1. осы Ережелерді бұзғаны үшін жатақхана тұрғындарына жатақхана әкімшілігінің ұсынысымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ЕТУ Жарғысына және университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес қоғамдық және тәртіптік әсер ету шаралары қолданылуы мүмкін. Жатақханадан шығару түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселе ректор тарапынан Бакалавр бағдарламалары департаментінің директорымен бірлесе отырып қаралады.

9.2. Тұрғындардың ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оларға келесідей тәртіптік жазалар қолданылады:

ескерту; сөгіс; жатақханадан шығару; жатақханада тұру шартын бұза отырып, оқудан шығару.

11. Тұрғындарды жатақханадан шығару тәртібі.

Тұрғындарды жатақханадан шығару мына жағдайда ректордың бұйрығы негізінде жасалады:

университет жатақханасында тұру шартын бұзу; білім алушыны университеттен оқудан шығару; тұрғындардың жеке өтініштері бойынша.

2. Жатақханаға кіру (шығу) тәртібі.

2.1. Жатақханаға кіргенде:

Жатақханада тұратын адамдар студенттік билетті көрсетеді;

Жатақханада тұрмайтын адамдар вахтада жеке бастарын куәландыратын құжатын қалдырады. Арнайы журналда жатақхана коменданты жатақхана қонақтары туралы мәліметтерді жазады.

2.2. Жатақханаға қонақтар сағат 17-ден 20-ға дейін кіргізіледі, ал демалыс және мереке күндері сағат 10-нан 20-ға дейін, тек жатақхана тұрғынының өзі болған жағдайда кіргізіледі. Қонақтың жеке басын куәландыратын құжаты жатақхана вахтасында қалдырылады. Келушілердің уақытылы кетуі мен олардың университет жатақханаларында тұру ережелерін сақтауы үшін жауапкершілік шақырған адамдарға жүктеледі. Сағат 20-да барлық қонақтар жатақханадан шығуы тиіс.

2.3. Жатақханадан шығарылған адамдарға жатақханаға кіруге тыйым салынады.

4. Жатақханада тұратындардың міндеттері.

Жатақханада тұратындар:

  •  ЕТУ Ішкі тәртіп ережелерін, Университет жатақханасында тұру ережелерін, қауіпсіздік техникасы ережелері мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, университет жатақханасында тұруға жасалған шарт талаптарын орындауға;
  • ордерді алғаннан кейін екі апталық мерзімде тіркеуден өтуге;
  • төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және өрт қауіпсіздігімен және АҚ ТЖ-мен байланысты эвакуациялау бойынша оқулар өткізу кезінде киініп, құжаттарды алып, жайдан шығып кетуге;
  • келушілерді тек осы Ережелерде белгіленген уақытта қабылдауға;
  • жатақханада тұрғаны үшін белгіленген мөлшердегі төлемді уақытылы енгізуге;
  • өз бетімен айналысуға арналған жайларды пайдалану кезінде тыныштық сақтап,  басқа тұрғындарға аталмыш жайларды пайдалануға кедергі келтірмеуге;
  • жатақханада орнатылған тұрмыстық техниканы, газ құралдарын, сантехникалық жабдықты пайдаланғанда Қауіпсіздік техникасы ережелері мен Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, энергоресурстарды үнемді жұмсауға;
  • жатақхана мүлігіне, жасыл көшеттерге ұқыпты қарауға және жатақхана аумағындағы жерді ластамауға;
  • бөлмеден шыққанда жарықты, газды, суды, электр құралдарын сөндіруге, терезелерді, есікті жабуға және бөлменің кілтін жатақхана вахтасына тапсыруға;
  • жатақханадан кеткенде, сондай-ақ демалысқа немесе тәжірибеге кеткенде бөлмені комендантқа қол қойып тапсыруға;
  • тұратын бөлмелер мен ортақ қолданылатын жерлерде тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • күнделікті өз бөлмелерін, белгіленген кезекшілік кестесі бойынша ортақ қолданылатын орындарды тазалауға;
  • келтірілген материалдық залалды қолданыстағы заңнамаға және жатақханада тұру шартына сәйкес өтеуге;
  • жатақхана әкімшілігінің талабы бойынша жеке басты куәландыратын және жатақханада тұру құқығын беретін құжатты ұсынуға;
  • мүліктердің бүтіндігін тексеру және алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында, осы Ережелердің сақталуын бақылау мақсатында студенттік өзін өзі басқару ұйымымен бірге жатақхана әкімшілігінің тұратын бөлмені қарауына (бөлмені қарау бұл жағдайда бөлмеде тұратындардың кемінде біреуі болғанда жасалады) жағдай жасауға міндетті.

Жатақханада тұратындарға: 

  • бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен көшуге және мүкаммалдарды көшіруге;
  • бөлмеде аса қатты шу мен діріл туғызатын, басқа бөлмелердегі қалыпты тұру жағдайын бұзатын жұмысты орындауға немесе басқа да іс-әрекеттер жасауға;
  • теледидарды, радиоқабылдағышты, магнитафонды және басқа да дыбысы қатты шығатын құралдарды тек басқа тұрғындардың тыныштығын бұзбайтын деңгейге дейін түсіргенде ғана пайдалануға рұқсат етіледі;
  • тұратын бөлме қабырғаларына, ортақ қолданылатын орындарға (арнайы белгіленген орындарды қоспағанда) хабарландырулар, кестелер және т.б. жапсыруға;
  • шылым шегуге, жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдіктерді, сондай-ақ сыра мен энергетикалық сусындарды тұтынуға (ішуге) және сақтауға;
  • есірткілік заттарды сақтауға және тұтынуға;
  • жатақханаға бөтен адамдарды заңсыз кіргузуге және оларды түнетуге;
  • басқа адамдарды, оның ішінде жатақхананың басқа бөлмелерінде тұратындарды бөлмеде тұрғызуға; тұратын бөлменің сыртқы есігіне қосымша құлыптар салуға, сондай-ақ жатақхана комендантының рұқсатынсыз оларды ауыстыруға;
  • электр өткізгіштерін ауыстыруға және жөндеуге, қосымша қуат көздерін қосуға, сондай-ақ әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі проректордың рұқсатынсыз қандай да бір реконструкция жүргізуге;
  • электр қыздырғыш құралдарды, сертификатталмаған ұзартқыштарды, сондай-ақ ашық от көздерін пайдалануға;
  • жатақханада үй жануарларын ұстауға;
  • терезеден шығып, терезе алдындағы тақтайшаға отыруға;
  • бөлмеде бөтен біреудің заттарын сақтауға;
  • бөлмеде басқа тұрғындарға кедергі келтіретін үлкен заттар сақтауға; жатақханадан тұрушыға меншік құқығымен тиесілі емес мүлікті шығаруға тыйым салынады.
6. Жатақхана әкімшілігінің міндеттері.

Жатақхана әкімшілігі:

Жатақхананың кәріз, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелеріндегі ақаулықтарды жедел жоюға; олардың пайдаланылуы мен санитарлық күтімі бойынша кемшілікті анықтау мақсатында жатақхананың барлық жайларының күнделікті аралануын қамтамасыз етуге, оларды жою бойынша уақытылы шаралар қабылдауға; уақытылы төсек жабдықтарын ауыстыруға; жатақханада тұратындарға қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі сақталған жағдайда тұрмыстық техниканы пайдалану құқығын беруге; тұрғындарды ерікті негізде жатақхана мен оның амңын абаттандыру, тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жабдықпен, мүкаммалмен, құралмен және материалдармен қамтамасыз етуге; жатақханада өрт және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.

8. Жатақхананы қоғамдық басқару органдары.

Жатақхана тұрғындары өздерінің мүддесін қорғайтын өзін өзі басқару органы – студенттік кеңесті сайлайды. Жатақхананың студенттік кеңесі жатақханаға тұрғындарының қызмет етуін ұйымдастырады, тұрғындарды жатақхана мен оның маңындағы қоғамдық-пайдалы жұмыстарды орындауға ерікті түрде тартады, жатақхана әкімшілігіне студенттерге тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі.

Жатақхананың студенттік кеңесі өз жұмысы барысында студенттік кеңес туралы қағида мен осы ережелерді басшылыққа алады.

Жатақхананың әрбір бөлмесінде староста сайланады. Бөлменің старостасы онда тұратындардың бөлмедегі мүлікке ұқыпты қарауын, бөлмені таза және тәртіпте ұстауын бақылайды.

10. Жатақхана тұрғындары мына жағдайларда жатақханадан шығарылуы мүмкін:

Тұрғынжайды мақсатына сай пайдаланбаса; тұрғынжайға онда тұратындар немесе басқа азаматтар зақым келтірсе, ондай әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады; тұрғындар келген жері бойынша тіркеуге тұрудан бас тартса; тұрғындар көршілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне жүйелі түрде нұқсан келтірсе, бұның салдарынан бір бөлмеде бірге тұру мүмкін болмайды; тұрғындардың тұру шартының талаптарына сәйкес тұрғынжай үшін төлем енгізбеуі; тұрғындардың жазбаша ескертусіз 1 аптадан астам болмауы; жатақханаға алкогольдік немесе есірткілік масаңдық күйінде келуі; шылым шегуі; есірткілік заттарды сақтау және тарату; жатақхана тұрғындарының жатақханада жарылатын, химиялық қауіпті заттарды немесе оқ ататын және пневматикалық қару сақтауы; университеттен шығарылуы; Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайларда.

ЖОЛ КӨРСЕТКІШ-АНЫҚТАМА

Ағылшын тілі мектебі

Жер беті тұрғындарының 400 миллионнан астамы күнделікті тілдесу барысында ағылшын тілін пайдаланады.

Ал тағы 600 миллионы оны үйреніп жүр.

Себебі бүгінде ағылшын тілін білу – дүниежүзі халықтарымен тілдесу мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ табысты мансап құру үшін қажетті талап.

International Education Academy оқытушылары мен студенттерімен бірге ағылшын тілін үйреніп, біліміңді шыңда!

  Оқуды бастау

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Медициналық кабинет Алматы қ. әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы берген АА-4 № 00162594 мемлекеттік лицензияға сәйкес жұмыс істейді. Медициналық кабинет бүкіл оқу күні бойы жұмыс істейді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР ЖҮРГІЗЕТІН ІС-ШАРАЛАР:

  • Алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • Оқу корпустарының, зертханалардың, тамақтану блогының санитарлық жағдайын бақылау;
  • Жарақат алу мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жұмыс;
  • Студенттер мен оқытушыларды медициналық тексеруден өткізеді.

Университет қалалық студенттік емханамен, сондай-ақ «Сұңқар» медициналық орталығымен медициналық қызмет көрсетуге шарттар жасасқан.

Жұмыс берушілердің хабарландырулары
 
ЕТУ түлектерінің жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін күнделікті СТМБ қызметкерлері жұмысқа орналасу бойынша сайттарды және жұмыс берушілердің тікелей жұмыс ұсынуларын қарайды.

Ішіндегі қызықты әрі сәйкес келетіндері кафедраға беріледі. Кафедра бос жұмыс орындары бойынша ақпаратты түлектерге ұсынады.

Мемлекеттік жастар саясаты көптеген елдердің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен жастардың қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық құжат 2004 жылғы 7 шілдедегі №581 «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң болып табылады. Онда оның мақсаты, міндеттері, бағыттары, сондай-ақ жастарды мемлекеттік қолдау тетіктері, жастардың әлеуметтік және саяси құқықтары белгіленген.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның мақсаты 3-бапқа сәйкес жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, олардың әлеуетін бүкіл қоғам мүддесіне ашу үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау және кепілдік беру болып табылады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы қолданыстағы заңнама негізгі міндеттерді белгіледі. Олардың қатарында жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарға көмек және әлеуметтік қызметтер ұсыну; жастардың әлеуметтік-елеулі бастамаларын жүзеге асыру бар.

2011 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында жастар тәжірибесі жүзеге асырылды.

КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ

Бастапқы жұмыс тәжірибесін алып, ары қарай тұрақты жұмыс орнын табуға ниет білдірген барлық ЖОО және ОКОО түлектеріне

Кәсіби тәжірибе!!!

Түлектердің алған мамандығы бойынша 6 айлық мерзімге дейін бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін арнайы жасалған;

Жастар тәжірибесі қатысушыларының еңбекақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді (31 854 теңге);

Жұмыс берушілердің үлкен тізімі!!!

Келесідей құжаттар ұсыну керек:

  • Жеке куәлік (көшірме);
  • Білім алғаны туралы құжат (диплом қосымшасымен бірге, көшірме);
  • Зейнетақы қорымен шарт (көшірме);
  • Мекенжай анықтамасы;
  • «HalykBank» АҚ-дан карталық шот ашу;
  • № 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама
  • Табыс туралы анықтама;
  • Еңбек кітапшасы.
  • Тел. 8 (727) 279-81-91, 279-03-91.
  • Біздің мекенжайымыз: Алматы қ., Мақатаев к., 117, Масанчи көш. бұр.
  • E-mail: centr_almaty@mail.ru

ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ::

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11