+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Университет туралы

ЕТУ МИССИЯСЫ – Болон үдерісі қағидаларын және заманауи халықаралық сапа стандарттарын жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық салаларына арнап, біліктілігі жоғары бәсекеге қабілетті зияткер мамандар – мамандар әлеуетін қалыптастыру.

ЕТУ ПАЙЫМЫ – энергетика, көлік және машина жасау, өнеркәсіптік технологиялар, экономика, бизнес және басқарудың жоғары кәсіби әрі бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау бойынша Қазақстандағы және халықаралық білім беру кеңестігіндегі өзін мойындатқан жоғары оқу орны атану.

МАҚСАТЫ – білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, университет қызметінің жоғары білім беру жүйесінің заманауи талаптарына жауап беретін басым бағыттарын дамыту.

Оқу ғимаратының құрылысы

ТАРИХ :

  •  2000
  •  2003
  •  2005
  •  2007
  •  2010
  •  2010-2015
  •  2011-2020
  •  2013
  •  2014
  •  2015
  •  2016

Еуразия технологиялық университеті Қазақстан Республикасының ескі оқу орны – Алматы индустриалды техникумының (1948 жылы негізі қаланған) негізінде құрылды. 2000 жылы Алматы индустриалды-педагогикалық академиясы болып қайта құрылды.

Мемлекеттік тіркеуден алғашқы рет 2000 жылдың 3 наурызында өтті.

Елдегі жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып білім берудің еуропалық «бакалавр–магистр–доктор (PhD)» үшдеңгейлі жүйесін енгізді.

Алматы индустриалды-педагогикалық академиясы өз мәртебесін өзгертіп, Алматы гуманитарлық-техникалық университет болып өзгертілді (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден қайта өткені туралы куәлік № 31873-1910-У-е).

Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

2010 жылдың қыркүйегінде елдегі жетекші жоғары оқу орындарының қатарында Болон үдерісі қағидаларын жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді қабылдап, Университеттердің Ұлы Хартиясына кірді.

2010 мен 2015 жылдар аралығында университет қызметін ұйымдастыру, оның құрылымы бойынша өзгерістер орын алды, өкілеттіліктер бөлім басшылары арасында қайта бөлінді. Әлеуметтік мәселелер мен жастар саясаты бойынша; ақпараттық және білім беру ресурстары; пайдалану-шаруашылық жұмыстар басқармалары пайда болды, сондай-ақ оқу-әдістемелік басқармасының келесі бөлімдері: білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамсыздандыру бөлімі, оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімі, сапа, тәжірибе және мансап бөлімі оңтайландырылды; маркетинг бөлімі өзгертілді; экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі қаржы және экономика жөніндегі проректордың тікелей басқаруына берілді; қабылдау комиссиясы; көркем өнерпаздық секторы және т.б.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында университетте құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби дайындау мен ғылыммен біріктіруді қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді.

Мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.

Алматы гуманитарлық-техникалық университеті 2014 жылдың 14 наурызында Еуразия технологиялық университеті болып өзгерді (тіркелген заңды тұлға, филиал және өкілдік туралы ҚР ӘМ берген анықтама № 1910-02/14-6253) және 2014 жылдың 14 сәуірінде білім беру қызметін жүзеге асыруға мерзімі шектеусіз лицензия № 14004994 алды және 2014 жылдың 5 маусымында мемлекеттік бюджет есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет байқауына қатысу үшін аккредитация туралы куәлік алды (серия МК № 004023).

2014 жылдың қаңтар айында Ғылыми-білім беру және өндірістік консорциум құрылды. Консорциум құрамына «АқсайГазСервис» АҚ, «Allur auto» автомобиль компаниялары тобы, «АгромашХолдинг» АҚ, «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ және «Автодом» компаниялар тобы кірді.

Консорциум оқытушылық қызметке жетекші бизнес мамандарды және шетелдік ғалым-профессорларды шақыра отырып, тәжірибеге бағытталған мамандарды даярлау бойынша дуалды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.

ПҚҚ мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру және университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамыту мақсатында ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімі ашылды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында университетте құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби дайындау мен ғылыммен біріктіруді қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп келеді.

Түлектердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру мақсатында оқу үдерісіне «Allur auto», Toyоtа City, «Машсвар» ЖШС сияқты жұмыс берушілермен бірлесіп, модульдік білім беру бағдарламалары енгізілді. «Allur auto» компаниясының ұсынысымен Турин политехникалық университетімен (Италия) бірге интеграцияланған оқу жоспары әзірленді.

Сондай-ақ біздің стратегиялық серіктестеріміз келесідей ірі өнеркәсіптік және қаржылық компаниялар, ғылыми орталықтар: «Машсвар» ЖШС, «Ертранс» ЖШС, «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «ҚазАШМЭҒЗИ» ЖШС, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «Алматы электромеханикалық зауыты» ЖШС, «Экология» ҒӨО» ЖШС, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, «Меркур Сертико» СРО, «Қазақстанның халық банкі», «Kaspi Bank», «Ғарыштық техника және технологиялар университеті» ЖШС, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ және т.б. басқалары.

Университетте оқу үдерісі оқытудың ақпараттық технологиялары, білім беру және ғылым саласындағы жаңа тұжырымдамаларды пайдалану, электронды оқыту құралдарының қорын құру және ұдайы толықтырып отыру негізінде жүзеге асырылады.

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ:

Еуразия технологиялық университетінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарында 5 негізгі стратегиялық бағыт белгіленген:

ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ

  • Инновациялық білім беру жүйесін дамыту;
  • Өнеркәсіп пен бизнестен біліктілігі жоғары тәжірибеге бағытталған мамандар даярлау;

ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ

  • Үздік отандық және әлемдік тәжірибе негізінде жетекші бағыттар бойынша елдің инженерлік ғылымының ғылыми-инновациялық әлеуетін сақтау және көбейту;

ЖАСТАРДЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМЫТУ САЯСАТЫ

  • Болашағымыздың зияткер әлеуетінің іргетасы ретінде жастарға сапалы азаматтық-патриоттық білім беру және тәрбиелеу.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ КЕҢІСТІГІНЕ ЕНУ

  • Халықаралық жобалар мен бағдарламалардың орындалу деңгейін арттыру;
  • ПОҚ пен студенттердің академиялық ұтқырлық тиімділігін іске асыру және арттыру;
  • Біріктірілген білім беру бағдарламаларын орындау.

УНИВЕРСИТЕТ МЕНЕДЖМЕНТІ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

  • Оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету бойынша материалдық-техникалық ресурстарды сапалық жаңарту және дамыту;
  • Университетті басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру.

АККРЕДИТТЕУ:

Еуразия технологиялық университеті аккредиттелген жоғары оқу орны мәртебесіне ие.

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСҚТҚА) аккредиттеу кеңесінің шешімімен Еуразия технологиялық университеті 2020 жылға дейін келесілер бойынша аккредиттелді:

   1) Институционалды аккредиттеу стандарттары бойынша;

   2) Төмендегі мамандықтарды мамандандырылған аккредиттеу стандарттары бойынша:

      • 5В012000-Кәсіби білім беру;

      • 5В071200-Машина жасау;

      • 5В071300-Көлік, көлік техникасы және технологиялар;

      • 5В071800-Электр энергетикасы;

      • 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша).

Университеттің институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден табысты өтуі – бұл білім беру ісінің сапасын ұдайы жетілдіру және халықаралық стандарттарға сай болуға талпыну бойынша жұмыс нәтижелерінің мойындалуы.

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР КОНСОРЦИУМЫ

Агромаш Холдинг

Агромаш Холдинг

Allur Auto

Allur Auto

Аксайгазсервис

Аксайгазсервис

EСЖ

EСЖ

Autodom

Autodom

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11