+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Сырттай оқу бөлімінің студентіне жадынама

Жалпы ақпарат

1. Сырттай оқуға тек техникалық және кәсіптік білім немесе жоғары білім негізінде техникалық емес бағыттағы мамандыққа қабылданады;

2. Бірінші курс студенттері үшін бағдарлық апта және нұсқаушы сессия ұйымдастырылады. Бағдарлық апта кезеңінде:

  1. сіз оқудың 1 курсына жеке оқу жоспарларыңызды (ЖОЖ) құрасыз;
  2. сізді университет жарғысымен, ішкі тәртіп ережелерімен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, оқыту және ақпарат алу технологиясымен таныстырады;

3. Сессиялардың өткізілу мерзімдері, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы туралы барлық қажетті ақпаратты сіз сондай-ақ www.etu.edu.kz мекенжайлы академия сайтынан ала аласыз.

Оқыту

4. Оқытудың сырттай бөлімінде студент жұмысының негізгі түрі оқу материалын өз бетімен игеруі болып табылады. Оқу жоспарларын, пәндердің жұмыс бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулықтарды, оқулықтар мен оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, академиялық күнтізбеге (оқу үдерісінің кестесі) сәйкес, студенттер сәйкес курсқа студенттің жеке оқу жоспарында тіркелген барлық пәндер бойынша оқу материалдарын өз бетімен меңгереді.

5. Жылына екі рет сырттай бөлім студенттері үшін 4 аптаға дейін созылатын емтихан сынағы ұйымдастырылады.

6. Сессияларды өткізу мерзімдері университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген академиялық күнтізбеде белгіленген. Академиялық күнтізбелер университет сайтына жарияланған.

7. Сынаққа қатысу міндетті. Емтихан сынағы кезеңінде бекітілген кесте бойынша аудиториялық сабақтар өткізіледі. Аудиториялық сабақтар бойы студенттердің біліміне аралық бақылау жүргізіледі (1 және 2 аралық бақылау). Аралық бақылау бойынша үлгерімнің 50 % жинамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

2015-16 оқу жылындағы оқу-шараларының кестесі:

Нұсқаушы сынақ - 31.08.15 бастап 06.09.15 дейін;

Қысқы емтихан сынағы - 11.01.16 бастап 07.02.16 дейін. 1 курстың емтихан сессиясының соңында барлық студенттерге 2-ші курсқа жеке оқу жоспарын құру керек. Студенттер емтихан сынағынан сәтті өткен жағдайда келесң емтихан сынағына шақыру-анықтамасын ала алады;

Жазғы емтихан сессиясы - 18.04.16 бастап 15.05.16 дейін.

Қосымша ақпарат

8. Егер студент дәлелді себеппен емтихан сессиясына келе алмаса, ол бұл жайында білім беру бағдарламалары департаментін алдын ала ескертіп, ары қарай растайтын құжаттар ұсынуы керек;

9. Келесі курсқа өту үшін студент белгіленген GPA (Анықтамалық-жолсілтеме) жинауы керек;

10. Оқу үшін төлем шартта белгіленген мерзімдерден кешікпей жасалуы тиіс. Төлем бойынша шарт талаптары орындалмаған жағдайда студент ескертусіз оқудан шығарылады; Университет сессияға жекелей шақырмайды.

11. Оқыту үдерісін ұйымдастыру ережелерімен егжей-тегжейлі сіз ЕТУ білім алушысының Анықтамалық-жолсілтемесінде таныса аласыз. Анықтамалық Университет сайтына орналастырылған.

Университетке түсуіңізбен құттықтаймыз және оқуда табыс тілейміз!

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11