+
Îáðàòíûé çâîíîê RedConnect

Қот бойынша білім алатын студентке жадынама

Қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімінің студенттеріне ескертпе

Жалпы ақпарат

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясына қабылдау техникалық және кәсіптік білім немесе жоғары білім негізінде жүзеге асырылады.
  2. Бірінші курс студенттеріне бағыт-бағдар беру аптасы және сессияға қатысты нұсқаулар ұйымдастырылады. бағыт-бағдар беру аптасында:
    1. Сіздер 1 курста оқитын жеке оқу жоспарын жасайсыздар;
    2. Сіздерді университет жарғысымен, ішкі тәртіп және кітапхана қорын пайдалану ережелерімен, оқыту технологиясымен және ақпарат алумен таныстырады;
    3. Сіздерге оқу порталындағы жеке кабинетіне кіру үшін қажетті логин мен парольді алуыңыз қажет;
  1. Сессияның өту уақыты, оқу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі барлық қажетті ақпараттарды www.etu.edu.kz Университет сайтынан біле аласыздар.

Білім алу

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімінде білім алушы студенттің негізгі жұмысы оқу материалын өздігінен меңгеру болып табылады. Оқу жоспарларын , пәннің жұмыс бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулықтарына, оқулықтар мен оқу құралдарына басшылық жасай отырып, студент академиялық күнтізбеге(оқу үрдісінің кестесі) және сол курсқа құрылған жеке оқу жоспарына сәйкес тіркелген оқу материалдарын барлық пән бойынша өздігінен оқиды .

Оқу қызметінің барлық түрлері желілік және кейс технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Студенттер жеке кабинетіндегі электронды оқу-әдістемелік материалдары орналасқан оқу порталына кіруге мүмкіндік алады.

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімінің студенттеріне жылына екі рет 3 аптаға созылатын емтихандар сессиясы ұйымдастырылады.
    1. Сессияның өту уақыттары университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша бекітілген академиялық күнтізбеде белгіленген. Академиялық күнтізбелері университет сайтында орналастырылған.
    2. Сессияға қатысу – міндетті. Емтихан сессиясы кезінде бекітілген кесте бойынша аудиториялық сабақтар өткізіледі. Аудиториялық сабақтардың өткізу барысында білімді анықтау үшін бақылау жұмыстары (1 және 2 ағымдық бақылау) жүргізіледі. Ағымдық бақылаудан үлгерімі жағынан 50% алмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

2015-2016 оқу жылына оқу іс-шараларының кестесі:

Нұсқаушы сессия – 24.08.2015 – 29.09.2015 аралығында;

Қысқы емтихандар сессиясы – 14.12.2015 - 03.01.2016 аралығында. Емтихандар сессиясының аяғында 1 курсты бітіруші студенттер 2 курсқа арналған жеке оқу жоспарын жасаулары қажет.

Жазғы емтихан сессиясы – 09.05.2016 -29.05.2016 аралығында.

Қосымша ақпарат

  1. Егер де студент қандай да бір себепті жағдайлар бойынша емтихандар сессиясына келе алмаған жағдайда алдын ала білім беру бағдарламалары департаментіне ескертіп , кейінгі уақытта жағдайды растайтын құжаттарды тапсыруы қажет;
  2. Келесі курсқа ауысу үшін студентке қажетті белгіленген GPA баллдарын жинауы керек ( Анықтама-Жол сілтеуші) ;
  3. Оқу ақысы келісім шартта белгіленген уақыттан кеш төленбеуі керек. Оқу ақысы жөніндегі келісім шарт талаптарын орындамаған жағдайда студент оқудан шығарылады.
  4. Университет сессияға байланысты жеке шақыртулар жасамайды.

Ұйымның оқу процесіне байланысты ережелермен толығырақ ЕТУ білім алушыларына арналған Анықтама- Жол сілтеушіден таныса аласыз. Анықтама Университеттің сайтында орналастырылған.

Университетке оқуға түсулеріңізбен құттықтаймыз және оқуларыңызға сәттілік тілейміз!

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТІ

Қазақстан Республикасы, 050012 Алматы қ., Төле би көш., 109
Қабылдау комиссиясы

+7 (727) 292 58 09
+7 (777) 829 00 11